Астана, Қызылорда əуежайлары мен тағы екі əуе компаниясы жекешелендіруге шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мүлікті жекешелендіру жəне ақшаны заңдастыру науқанының аясында екі қаланың əуежайы мен тағы екі əуе компаниясы жекешелендіруге шығарылған.

Астана, Қызылорда əуежайлары мен тағы екі əуе компаниясы жекешелендіруге шығарылды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрағына жауап бере отырып, ҚР Инвестициялар жəне даму жөніндегі министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мəлім етті.

«Жекешелендіру мəселесіне тоқталсақ, бүгінде Астана халықаралық əуежайы, Қызылорда қаласының əуежайы мен «Евро-Азия Эйр» əуе компаниясы жəне жаңадан құрылған «Qazaq Air» əуе компаниялары жекешелендіруге жатады. Ертең сатып алушылар табылса, олар жекеменшікке өтеді», - деп мəлім етті Б.Сейдахметов.

Комитет төрағасы атап өткендей, Астана әуежайының жолаушылар терминалын қайта жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Яғни, əуежай жылына жеті миллион жолаушыны қабылдап, қызмет көрсететін деңгейге жетеді.

«Сондай-ақ, биыл Тараз әуежайының жолаушылар терминалын және Орал әуежайының ұшып-қону жолағын қайта жөндеу жұмыстары аяқталады. Ал келесі жылы Петропавл әуежайының ұшып-қону жолағы жөнделіп, пайдалануға беріледі»,-деп атап өтті Б.Сейдахметов.