Астана — Ларнака бағытында тікелей рейстер ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы Астана — Ларнака бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Астана — Ларнака бағытында тікелей рейстер ашылды
Фото: Pexels

Рейстер аптасына 2 рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

— Ұшу бағдарламасы 2026 жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады. Ұшу уақыты шамамен 5–6 сағатты құрайды. Жаңа бағыт жолаушыларға Жерорта теңізі жағалауындағы танымал курорттардың біріне ыңғайлы әрі жайлы сапар жасауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап Гонконг пен Алматының арасында тікелей әуе рейсі қатынайды.

Бүгін сондай-ақ Кипрмен әуе қатынасы ашылатыны хабарланды.