Астана-Лондон: нақтылы мәселелер бойынша іс жүзіндегі өзара іс-қимыл

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды және жан-жақты дамуын атай келіп британдық министр Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімен құттықтады.
Қазақстанның күн тәртібін іске асыруда Астанамен тығыз өзара іс-қимыл жасасуға Лондонның мүдделі екенін атады.
Сұхбаттасушылар негізінен бұрынғы Кеңес Одағының аумағында - Қарабахта, Приднестровьеде және Оңтүстік Осетияда орын алып отырған, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі «ұзаққа созылған жанжалдар» деп аталатын шешімдер бойынша түрлі жоспарлы күш-жігер танытуды жалғастырудың және көмек көрсетудің маңыздылығын атады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жанжалдардың тарихын және жай-күйін терең білетіндігі, ТМД елдеріндегі, оның ішінде жанжалдарға қатысушылар тарапынан оның жеке сенім және құрмет дәрежесінің жоғарылығы ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Астананың аталмыш проблемаларды шешуде жаңа тыныс бере алады деп үміт артуға мүмкіндік беретіні аталды.
Сыртқы ведомство басшысы британдық үкіметтің Қазақстанның төрағалық етуінің маңызды басымдықтарының бірі ретінде төзімділікті таңдауын қолдайтынын мәлімдеді.
Қ.Саудабаев пен Д.Милибэнд халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанды тұрақтандыру бойынша күш-жігер танытуды жалғастырудың маңыздылығын атады. Лондонда қаңтардың 28-інде өтетін, 60-тан астам мемлекеттердің өкілдері қатысатын Ауғанстан бойынша халықаралық конференция әлемдік қауымдастық тарапынан осы мемлекеттегі тұрақтылыққа ықпал етудің нақтылы іс-шараларын талқылау және әзірлеу үшін маңызды форум болуы тиіс екендігі атап айтылды. ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев британдық әріптесінің ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде конференцияға шақыруын қабыл алды.