12:45, 08 Ақпан 2024 | GMT +5
Астана маңына қатынайтын автобустар тоқтады
АСТАНА. KAZINFОRM – Астана маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің бірқатары күннің бұзылуына байланысты қозғалысын тоқтатты.
«Ауа райының қолайсыздығына және бірқатар жолдың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын бағыттар бойынша қозғалыс тоқтатылды»,-деп мәлім етті «City Transportation Systems» ЖШС.
Осыған дейін Астана мен Көкшетауда екінші ауысымдағы сабақ онлайн өтетінін хабарлаған болатынбыз.