Астана мен Алматыда Әзірбайжан мәдениет күндері өтеді

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - 7-9 маусымда Астана және Алматы қалаларында Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасыдағы мәдениет күндері өтеді.

Астана мен Алматыда Әзірбайжан мәдениет күндері өтеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Әзірбайжанның мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуы 7 маусымда сағат 19:00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында болады.

Мәдениет күндері аясында елордада Әзірбайжанның танымал өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт, «Әзірбайжан: дәстүрлер мен қазіргі заманның тоғысуы» атты фотокөрме мен туризмге арналған көрме өтеді.
Концертте Симара Иманова, Сабухи Ибраев, Тайяр Байрамов сияқты Әзірбайжанның өнер шеберлері, Әзірбайжанның Мемлекеттік би ансаблі, ұлт аспаптар ансамблі және Ф. Амиров атындағы Мемлекеттік ән мен би ансамблінің балет тобы өнер көрсетеді.
9 маусымда Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Орталық концерт залында Әзірбайжан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

«Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы мәдени байланыстардың тамыры тереңде жатыр. Екі ел арасындағы мәдениет күндерін өткізу бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізері сөзсіз. Бұл шара халқымыздың Әзірбайжан мәдениетіне деген аса үлкен қызығушылығын оятып, екі елдің арасындағы мәдени байланыстардың одан әрі дамуына серпін береді»,-делінген бұл мәліметтерде.