Астана мен Алматыда бірқатар рейс ұшпай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында бірқатар рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Астана мен Алматыда бірқатар рейс ұшпай қалды

Қазіргі уақытта Алматы әуежайында 4 рейс кешіктірілуде.

Атап айтқанда, 2018 жылдың 20 желтоқсанында сағат 10:35-ке жоспарланған Алматы - Куала-Лумпур бағытындағы KS 935 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 2018 жылдың 21 желтоқсаны сағат 14:30-ға ауыстырылды;

- 21 желтоқсан сағат 09:30-ға жоспарланған Алматы - Өскемен бағыты бойынша DV 725 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 21 желтоқсан сағат 11:35-ке ауыстырылды;

- 21 желтоқсан сағат 10:30-ға жоспарланған Алматы-Семей бағытындағы IQ 363 рейсі экипаждың толық болмауына байланысты 21 желтоқсан сағат 15:40-қа ауыстырылды;

- 21 желтоқсан сағат 16:55-ке жоспарланған Алматы-Астана бағытындағы IQ-355 рейсі экипаждың демалуына байланысты 21 желтоқсан 17:40-қа шегерілді.

Қазіргі уақытта Астана әуежайында 6 рейс кешіктірілуде:

- 2018 жылдың 20 желтоқсанында сағат 20:20-ға жоспарланған Астана - Бангкок бағыты бойынша КС 231 рейсі метеорологиялық жағдайларға байланысты 21 желтоқсан сағат 11:30-ға ауыстырылды;

- Астана - Алматы бағыты бойынша 20 желтоқсанда сағат 20: 30-да жоспарланған КС 996 рейсі ауа райына байланысты 21 желтоқсан сағат 12:00-ге ауыстырылды;

- Астана - Алматы бағыты бойынша 20 желтоқсанда сағат 21:30-ға жоспарланған КС 992 рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 желтоқсан сағат 09:35-ке ауыстырылды;

- 21 желтоқсанда сағат 07:00-де жоспарланған Астана - Өскемен бағытындағы DV 785 рейсі әуе кемесінің кеш келуіне байланысты 21 желтоқсан сағат 10:10-ға ауыстырылды;

- 21 желтоқсан сағат 08:00-ге жоспарланған Астана - Атырау бағыты бойынша KS 981 рейсі ауа райы жағдайы және техникалық себептер бойынша 21 желтоқсан сағат 09:00-ге ауыстырылды;

- Астана - Алматы бағыты бойынша 21 желтоқсанда сағат 09:00-ге жоспарланған KS 952 рейсі әуе кемесінің кеш келуіне байланысты 21 желтоқсан сағат 10:35-ке ауыстырылды.

Ведомствода аталып өткендей, болжам бойынша елдегі күрделі ауа райы жағдайы әлі де сақталады. Осыған байланысты, жолаушыларға әуе компанияларының ресми сайттары және байланыс орталығы арқылы рейстердің жай-күйін алдын-ала біліп алуға кеңес беріледі. «Эйр Астана» әуекомпаниясының қоңырау шалу орталықтары: Алматы қ.: +7 7272 444477, Астана қ.: +7 7172 584477, ұялы тел.: +7 702 702 4477. «SCAT» әуекомпаниясының Call-орталығы +7 7252 998880.