Астана мен Алматыда үнді мәдениеті мен асханасының апталығы өтеді

АСТАНА.  Қыркүйектің   5-і. ҚазАқпарат   - Қыркүйектің  8-і мен  12-сі аралығында   Астана мен  Алматыда «Үнді мәдениеті мен   асханасының апталығы»  фестивалі  өтеді,
None
None

деп   хабарлады  Үндістанның   Қазақстандағы  Елшілігінен.

 Фестивальға  үнділік     бас   аспаздар  тобы  шақырылып отыр,  олар бес күн  бойына  қазақстандықтарға     үндінің   түрлі экзотикалық және  дәстүрлі  дәмдерін  дайындап, ұсынады.

 Фестивальдің  ашылу   рәсімі Астанада   - қыркүйектің 8-і күні сағат 19.00-де «Rixos President Astana» отелінде,  Алматыда  - қыркүйектің 14-інде  сағат 19.00-де   «Intercontinental Almaty» отелінде   өтеді.

 Сондай-ақ Елшілік  ағымдағы    жылдың  қазан-қараша айларында   Қазақстанның  ірі қалаларында  «Үндістанның  шағын  фестивальдарын»  өткізуді  жоспарлауда.  Ұйымдастырушылардың айтуынша,     аталмыш шаралар   екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды  әрі  қарай  нығайтуға   үлкен  үлес  қосады.

Соңғы жаңалықтар