«Астана» мен «Челси» ойыны кейінге шегеріле ме – клуб басшылығы жауап берді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 12 желтоқсан күні сағат 20:30-да Алматы қаласының Орталық стадионында UEFA Конференция лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командалары арасында футбол ойыны өтеді. Алайда желіде аталған матч болмауы мүмкін деген қауесет тарады. 

«Астана» мен «Челси» ойыны кейінге шегеріле ме – клуб басшылығы жауап берді
Фото: Sports.kz

Нақтырақ айтар болсақ, кездесуді кейінгі қалдырудың негізгі себебі ретінде Ұлыбританиядағы Дарра дауылы айтылған. 

Дегенмен «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Елордалық клубтың мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы Орталық стадионда ойынға дайындық қызу жүріп жатыр. Ал «Челси» футболшылары алдағы түні Алматыға ұшып келеді деп жоспарланған. 

Еске салайық, бұған дейін «Астана» мен «Челси» ойыны алдында Орталық стадионға тегін автобустар жүретінін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар