Астана мен Душанбе аймақтық ынтымақтастық мүддесі үшін өзара іс-қимылдарды әрі қарай нығайта бермек - СІМ
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бүгін Тәжікстанның сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты және аймақтық тұрғыдағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Орталық Азия мен Ауғанстанның қауіпсіздігі саласындағы жағдайды талқылап өтті.
Аймақтық ынтымақтастықты, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында, Астана мен Душанбенің тығыз әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екендіктері атап өтілді.