Астана мен Ескішаһардан кейін түркі әлемінің мәдени астанасы эстафетасын Қазан қабылдап алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Ескішаһардан кейін Татарстан астанасы Қазан миллиондаған түркі кеңістігінің мәдени орталығына айналмақ.
None
None

Еске сала кетейік, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов ТҮРКІСОЙ-ға сапары барысында 2012 жылғы мамырда Татарстан астанасы Қазанды 2014 жылы түрік әлемінің мәдени астанасы деп жариялауды ұсынған. Бұл шешімді 2012 жылғы қыркүйекте Уфада өткен ТҮРКІСОЙ Тұрақты Кеңесінің 30-шы отырысында мәдениет министрлері қолдады.

Мәдени астананың ашылу күнін ұлы татар ақыны, қоғам қайраткері Ғабдолла Тоқайдың туған күні қарсаңында жоспарлануы да кездейсоқ емес. Оны ашу іс-шарасы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды, оған Татарстан президенті Рустам Минниханов, республика астанасының басшысы Ильсур Метши, ТҮРКІСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, республикалық ведомстволар мен министрліктердің басшылары, Татарстан парламентінің депутаттары, түркі елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Кешке Мұса Жәлил атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Қазан қаласын түрік әлемінің мәдени астанасы ретінде салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Кешті ТР премьер-министрі Ильдар Халиқов ашты. «Мыңжылдық Қазан - түрік әлемінің ажырамас бөлігі, сондықтан да ол бір жыл бойы түріктердің мәдени астанасы атанды», - деді Халиқов.

Ол жиналған қауымды Қазан қаласы бұл мәртебені Миннихановтың бастамасы бойынша алғанын атап өтті. Бір жыл бойы Татарстан астанасы түркі тілді елдерді рухани біріктіретін болады.

И.Халиқов Қазан қаласының түрік әлемінің мәдени астанасы атанатын күнді де 26 сәуір Ғабдолла Тоқайдың туған күнімен орайластырылғанын айтып өтті.

Қазанда жыл бойы Түрік әлемімен байланысты мәдениет, өнер іс-шаралары ұйымдастырылатын болады.

Жылдың ресми мәдени бағдарламасының қорытындысы 12 қарашада Қазан қаласында өтетін ТҮРКІСОЙ-ға қатысушы елдері мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің XXXII отырысында шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум