Астана мен Уфа әлеуметтік салада ынтымақтастық орнатты

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы Уфа қаласының қалалық өңірі әкімшілігінің басшысы Ирек Ялалов екі қала арасында Достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы елорданың ресми сайтынан хабарланды.
None
None

«Халқының саны 1 млн. адамды құрайтын қалада шағын және орта бизнес жақсы дамиды. Бүгінгі таңда бізде шаһарды теміржолмен, инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін «Индустриалды парк» сынды жоба жүзеге асырылуда», - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар