Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың жаңа кезеңі

ВЕНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Ақпанның 10-ында Венада ҚР Сыртқы істер министрінікң орынбасары Нұрлан Дәненов пен Австрия Республикасының еуропалық және халықаралық істер жөніндегі министрлігінің бас хатшысы Йоханас Кирленің қатысуымен алғашқы қазақстандық-австриялық сыртқы саясат консультациялары болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Австриядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бас хатшымен жеке әңгіме барысында қазақстандық делегация басшысы Австрия еуроопалық және халықаралық істер жөніндегі министрі Михаэл Шпинделеггерге ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің жолдаған хатын тапсырды. Нұрлан Дәненов австриялық әріптестерге «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының маңызы, қазақстан-еуропа ынтымақтастығының басымдықтары, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға және 2011 жылы Ислам ұйымы конференциясына төрағалығы, республиканың ШЫҰ, АӨІСШК ауқымындағы қызметі және Астанада БҰҰ қамқоршылығымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезі туралы әңгімелеп берді. Дипломаттар аймақтық қауіпсіздік, лаңкестікке, экстремизмге және басқа да қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелерінде екі елдің ұстанымдары сәйкес келетінін атап өтті.Саяси және парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды, халықаралық аренадағы жемісті ынтымақтастыққа жоғары баға берілді. Мемлекет басшысының шақыруымен Австрияның Федералдық Президенті Хайнц Фишердің Қазақстандағы алдағы сапарына қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алысылды. Австриялық дипломаттар екіжақты ынтымақтастыққа қанағаттанғандық білдірді. 2008 жылы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар едәуір кеңейіп, 1,4 млрд. АҚШ долларына жетті. Астанада Орталық Азиядағы алғашқы Австрия елшілігі ашылды, екі ел арасында тұрақты әуе қатынасы орнатылған. Австриялық тараптың Астанада Австрия Федералдық экономикалық палатасын ашу туралы шешімінің айрықша маңызы, қазақстандық нарықта австриялық іскерліктің кеңеюі аталып өтті. Сондай-ақ 2009 жылғы мамырда Венада қазақстан-австрия үкіметаралық комиссиясының және Австриядағы Қазақстан ұлттық экономикасының таныстырылымы өтеді.
Соңғы жаңалықтар