«Астана Опера» әлем театрларымен меморандумға қол қойды

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры «Опера Еуропа» (Ұлыбритания) халықаралық қауымдастығымен және әлемнің сегіз театрымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды отандық театрдың баспасөз қызметінен.

«Астана Опера» әлем театрларымен меморандумға қол қойды

Атап айтқанда, ОАР Операсы, Қытайдағы Шанхай үлкен театры, Сингапурдағы Лирикалық опера, Италиядағы Қоғамдық театр, Франциядағы Де ля Рош академиясы, Болгариядағы Ұлттық опера және балет театры, Италиядағы ATER, Палиашвили атындағы Грузия опера және балет театрымен келісім жасалды. Бұдан бұрын Рим операсымен меморандумға қол қойылған болатын, әлемдегі алдыңғы қатарлы опера театры - «Ковент-Гарденмен» де алдын ала келісім жасалған.