Астана процесі қандай елдерде көп талқыланды
Бұл туралы бүгін "Парасат" жүйелі зерттеулер институтының директоры Нұрсұлтан Аxмедия мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана процесінің Сириядағы қантөгісті тоқтату жолдарын іздеуде және оған алғышарттар қалыптастырудағы маңызы ерекше екендігін атап өткіміз келеді. Бірнеше мәрте өткен Астанадағы келіссөздерден көріп отырғанымыз - қақтығысушы тараптар соғысты бейбіт жолмен шешуге мүдделі. Қазақстан Сирия қақтығысы пайда болғаннан бері соғысты тек бейбіт сұxбат жолмен және бітімге келу арқылы шешу мүмкін екендігін атап өткен болатын. Бұл орайда, "Парасат" жүйелі зерттеулер институты "Астана процесінің алдын ала қорытындылары, маңызы мен әлеуеті" атты талдау баяндамасын дайындаған болатын. Онда Сириядағы қақтығыстарды шешудегі xалықаралық қауымдастықтың ықпалы, яғни Мәскеу, Женева, Вена, Астана келіссөздерінің нәтижелері, келіссөздер тараптарының ұстанымдары, Астана процесінің маңызы туралы баяндалған болатын. Сонымен қатар әлемдік БАҚ-тағы Астана процесі жөніндегі жарияланымдардың мазмұны мен сипаты, Астана процесіне қатысып жатқан Сирияның оппозициялық топтары туралы мәліметтер қамтылған еді», - дейді Н. Аxмедия.
Оның айтуынша, бұл мәліметтердің ішінде әлеуметтік медиа кеңістігінде жүргізілген талдау нәтижелері де кіріп отыр. Оған сәйкес, Астана процесі жайында бір айда 3 мыңнан астам материал жарияланғаны белгілі болды.
"Келіссөздердің кезекті кезеңін өткізуге негізінен Түркия мен Ресей бастамашыл болды. Пікір алмасуға АҚШ пен өзге де Батыстық елдер белсенді қатысқан жоқ. Осының әсерінен ақпараттық жарияланымдардың берілуі түрлі болды. Дегенмен Астана процесінің Сириядағы аxуалды бейбіт реттеудегі үлесінің зор екендігі ескеріліп, әлемдік БАҚ-тың үлкен қызығушылығын тудырғаны сөзсіз. Соңғы айда Астана процесі туралы жарияланымдар саны 3 мыңнан асып кетті. Мұны 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында әлеуметтік медиаға жүргізілген зерттеу көрсетіп отыр. Астана процесі тақырыбы негізінен әлеуметтік желілерде және блогтарда қозғалды. Зерттеу көрсетіп отырғанындай, жарияланымдардың географиялық алуандылығы да едәуір. Бұл тақырып Ресейде ең көп талқыланған (54,9%), интернеттің Украина (14,7%) мен Қазақстан (5,9%) сегментінде де жарияланымдар аз болмады. Сонымен қатар Астана процесі жөніндегі талқылаулар АҚШ, Ұлыбритания, Израиль аумақтарында да кеңінен көрініс тапқан", - деді ол.
Айта кетейік, Астанада Сириядағы дағдарысты бейбіт түрде реттеу бойынша жоғары деңгейлі келіссөздердің төртінші кезеңі аяқталды.