Астана процесі қатысушыларының келесі кездесуі шілдеде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесіне қатысушылар келесі кездесудің болжалды датасын айқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерін сириялық жанжалдың ұзақмерзімді шешімін табуға және процеске үлес қосуға шақырамыз. ҚР Президенті мен Қазақстан Үкіметіне Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесу өткізгені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Жоғары деңгейдегі келесі кездесуді 2017 жылдың шілде айының ортасында Астанада өткізу туралы шешім қабылдады және тараптар алдын ала сарапшылар консультацияларын екі апта бұрын Анкарада өткізуге келісті», - делінген Астана процесі бойынша кездесудің  кепілгер елі саналатын Иран, Ресей және Түркия атынан жария етілген қорытынды құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада өтіп жатқан екікүндік келіссөздерден кейін кепілгер елдер Ресей, Иран және Түркия Сирияда қауіпсіз аймақ құру туралы меморандумға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар