Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылындағы 4 адам өліміне қатысты тергеудің мән-жайын айтты. 

планшет
Фото: pexels

— Қазіргі уақытта біз Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша тергеуді аяқтап жатырмыз. Күдікті қазір стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтуде. Оның реактивті психоз жағдайында екені анықталды, — деді Санжар Әділов Сенат кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Еске салсақ, 2 наурызда полиция 4 туысын қатігездікпен өлтірді деп күдікке ілінген ақмолалықты ізін суытпай ұстаған еді. Ер адам отбасы мүшелерін өлтіріп, олардың дене мүшелерін бөлшектеп тастаған.

Бұған дейін Санжар Әділов Астанадағы «Көктем-3» тұрғын үй кешенінде балалар қаза тапқан өртке қатысты пікір білдірген еді. Іс бойынша әзірге еш күдікті жоқ.