Астана съезі дін саласындағы әлемдік үрдіске ықпал етудің пәрменді құралына айнала алады - епископ М.Оганесян

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана съезі дін саласындағы әлемдік үрдіске ықпал етудің пәрменді құралына айнала алады. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Армян Апостоль шіркеуі украиндық епархиясының өкілі епископ Маркос Оганесян айтты.

Астана съезі дін саласындағы әлемдік үрдіске ықпал етудің пәрменді құралына айнала алады - епископ М.Оганесян

«Біздің әрбір съезіміз бен хатшылық отырысымыз діни экстремизмен қалай күресу қажеттігін көрсетеді. Бұл біздердің қандай дін жолын ұстанатындығымызға қарамастан, жолдауымыз, бірлескен мінәжатымыз. Егер өзара келісім мен төзімділік болмаса, онда дінді қаруға айналдырмай, бәрімізді осы үрдістен шығуға үндеуіміз қажет. Діни қайраткерлер өздері бас қосып, егер проблемалар болса, бірлесіп талқылай алады. Дегенмен, діни қайраткерлер мен ұйымдар арасында айтарлықтай зор діни проблема жоқ», - деді ол.

М.Оганесянның атап өтуінше, елорда төрінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бұл әлемнің дін көшбасшылары үшін ең басты сұхбат алаңына айналып отыр. Бұған қоса, бұл съезд дін саласындағы әлемдік үрдіске ықпал етудің пәрменді құралына айнала алады.