Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана тұрғыны жалған чекпен базардан тауар алып жүрген

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жалған төлем чегін көрсетіп, базардағы сатушыларды алдап жүрген 34 жастағы тұрғынның заңсыз әрекеті әшкере болды.

базар, сауда, саудагер
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Тергеу кезінде анықталғандай, күдікті сауда орындарын әдейі аралап, өзін қарапайым сатып алушы ретінде таныстырған. Көкөніс пен жеміс-жидек таңдаған соң, ақшаны мобильді қосымша арқылы аударғандай кейіп танытып, қолдан жасалған төлем чегін көрсеткен. Ақша шотқа түсті деп сенген сатушылар тауарды күдіктіге өз қолымен берген.

— Бұл — оның алғашқы алаяқтығы емес. Күдікті бұған дейін де дәл осындай айламен бірнеше саудагерді алдағаны анықталды. Қазіргі уақытта оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция саудагерлер мен кәсіпкерлерге төлемнің нақты банк шотына түскеніне көз жеткізбейінше, тауарды сатып алушыға бермеуді ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адам бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлап кеткенін жазғанбыз.