Астана турнирі: Дамир Жалғасбай мен Асылжан Арыстанбекова финалға жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисшілер Дамир Жалғасбай мен Асылжан Арыстанбекова жекелей сында Астана World Tennis Tour M15/W15 Asu Open турнирінің финалына шықты.
Бүгін қазақстандық қос спортшы алдымен ширек финалдық кездесулерін өткізген еді.
Содан соң Дамир Жалғасбай жартылай финалда әлемнің 578-інші, доданың 2-ракеткасы, үндістандық Саси Кумар Мукундқа қарсы келді.
Бірінші партияда Дамир 4:0 есебімен алда тұрғаннан кейін үндістандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.
Д.Жалғасбай финалда әлемнің 652-ракеткасы, жапониялық Сюнсукэ Мицуимен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Әйелдер арасында әлемнің 946-ракеткасы Асылжан Арыстанбекова жартылай финалда ресейлік, рейтингіде 842-орындағы Эдда Мамедовамен шеберлік байқасты.
Бұған дейін ширек финалдық ойында жарақат алғанына қарамастан, Асылжан барын салды. Қарсыластар бәсекені брейк алмасумен бастады – 1:1. Бұдан кейін Арыстанбекова қатарынан бес геймді алды – 6:1.
Екінші сетте Асылжан 2:0 есебімен алға шыққан мезетте Э.Мамедова матчты тоқтатуды жөн көрді. Сөйтіп А.Арыстанбекова соңғы бәсекеде бас жүлде үшін таласады.
Сонымен қатар Д.Жалғасбай Даниял Рахматуллаевпен, А.Арыстанбекова Іңкәр Дүйсебаймен бірге ертең жұптық сында да финалда ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Торонто турнирінің төртінші айналымына өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Астана турнирінде Дамир Жалғасбай мен Асылжан Арыстанбекова финалға шығу үшін таласады.