Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

АСТАНА. КАZINFORM — Астанада бүгін қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:

• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• № 065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• № 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
• 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.

Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте оқушылар үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) алып тастау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген болатын.