101.4 FM толқынында «Әйелдер Geographic» атты жаңа радиобағдарлама іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Jibek Joly (101.4 FM - ред.) радиосында апта сайын шығатын жаңа «Әйелдер Geographic» жобасының алғашқы хабары өтті. Бұл - қазіргі қоғамды қалыптастырушы әйелдердің шынайы оқиғалары туралы бағдарлама, яғни спорт, бизнес, мәдениет, ғылым, әлеуметтік істер және саясат саласында жетістікке жеткен әйелдерге арналған.

В Астане стартует новое радиошоу «Женщинal Geographic» на волне 101.4 FM
Фото: Kazinform

Бағдарламада кейіпкердің өмір жолы, таңдауы, жеңісі баяндалады. 

Әйел адам тұрақты трансформацияның символы, көпшілік үшін мотивация мен күш-жігердің көзі ретінде бейнеленеді. Ашық сұхбат барысында жеке оқиғалар арқылы әйелдердің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы ой қозғалады.

Жобаның негізгі тұжырымдамалық ерекшелігі - екі тілде хабар тарату, яғни бір мезгілде қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Жобаның авторы және жүргізушісі - Азамат Имашев. Ол бағдарламаны Олжас Пшенбаевпен және Нұрлан Кунафинмен бірге жүргізеді. 

В Астане стартует новое радиошоу «Женщинal Geographic» на волне 101.4 FM
Фото: Kazinform

Еске салсақ, Президент телерадиокешенінің құрамындағы Jibek joly радиосында «Кликбейт» деп аталатын жоба басталған болатын.  

Соңғы жаңалықтар