Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада «102» қызметінің операторын балағаттаған ер адам сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қала тұрғыны «102» арнасына қоңырау шалу барысында оператордың атына балағат сөздер айтып, ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау» қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған.

смартфон
Фото: istockphoto.com

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Астана прокуратурасы төтенше қызметтердің қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаратынын еске салды. Билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 

Еске салайық, бұған дейін әскерде зорлық көрдім деп өтірік айтып, ақша жинаған жігіт сотталғанын хабарлаған едік.