Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды

АСТАНА.KAZINFORM - Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл іс-шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді. Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн.

Айта кетейік, Түркістанның бірнеше қаласында референдум күні автобустар тегін қатынайды.