Астанада Абай даңғылында жөндеу жұмысына байланысты қозғалыс шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Абай даңғылының Ә. Сембинов көшесінен А. Пушкин көшесіне дейінгі аралықта жол жабынына маршруттық жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты 17-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен, жолақтардың жабылуымен ішінара шектеледі.
— Жұмыс жүргізу кезеңінде аталған аумақта көлік кептелісі туындауы мүмкін. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысы уақытша жабылатынын хабарлаған едік.