Астанада АҚШ-та білім алуға арналған көрме өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Бұл білім беру көрмесіне АҚШ-та тіркелген 31 университет қатысуда. Осы шара АҚШ-та білім алуға ниет білдіргендерді университеттердің өкілдерімен кездестіріп, оқу орындарымен тереңірек танысуға арналып отыр. Бұндай көрмені жыл сайын өткізудеміз. Мақсатымыз балалардың өздеріне лайықты университеттерді тауып алуына негізделіп отыр», - деді Халықаралық білім жөніндегі американдық кеңестердің өңірлік директоры Джессика Леонард.
Белгілі болғандай, Астанадағы көрмеден кейін бұл шара Ақтөбе мен Алматы қалаларында жалғасады. Осы шарадан кейін әр қаладан кем дегенде 2-3 баладан американдық университеттерге оқуға түседі деген жоспар бар.
«Оқушылардың АҚШ-қа барып, жоғары оқу орындарын аралап, таңдау жасауға мүмкіндігі болмай жатады. Сондықтан АҚШ-тағы университтердің өкілдері Қазақстанға келіп, жастар үшін жақсы жағдай жасап отыр», - ол.