Астанада «Әлеуметтік жаңғыру жолындағы денсаулық сақтау реформалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Астанада «Әлеуметтік жаңғыру жолындағы денсаулық сақтау реформалары» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанада «Әлеуметтік жаңғыру жолындағы денсаулық сақтау реформалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Жиынға ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Әлемдік банктың, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының, ЮНИСЕФ-тің, Ғаламдық қордың және т.б. өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. 

«Технологияларды беру және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында институционалдық реформа жүргізу» жобасы - ҚР Үкіметі мен Әлемдік банктің бірлескен жобасы.  

Шара аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бюросының директоры Жужанна Жакаб баспасөз мәслихатын өткізеді.