Астанада Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған мәдени шара өтеді

Мәдени шарада Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны таныстырылып, оның қайғылы да еңселі тағдыры туралы, қазақ халқының мәдениетінде және тарихында оның шығармашылығының үлкен маңызы бар екенін атап өтіледі.
Концерт нөмірлерінің арасында қазақ оркестрінің және елордалық филармонияның жеке орындаушыларының сүйемелдеуімен Ә.Бөкейханов замандастарының, яғни М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердіұлының, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың және т.б. «Алаш» партиясы өкілдерінің деректі жазбалары оқылады.
Концерт бағдарламасына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали ЖайымовБас дирижер және көркемдік жетекшілік ететін Қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетеді.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарыЖалғас Сұлтан, Данияр Мұқан, Күнсұлу Тұрлыбекова, Тельман Нұртай, Анар Мұздаханова, Айгерім Нартуеевалар ән шырқайды.
Ә. Бөкейханов - 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушысы және көшбасшысы. Ә.Бөкейхановтың мерейтойы Юнеско атауымен бүкіл әлемде тойланады және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен сәйкес келіп тұр.
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист, этнограф Ә.Бөкейханов өзінің жарқын да көп қырлы өмірін қазақ халқының азаттығына және дамуына арнаған. Ол қазақ петициясының негізгі бастамашысы мен авторы болды және ана тілінің енгізілуін, қазақ балалары оқитын барлық бастауыш мектептердегі сауаттылықты, газеттердің қазақ тілінде басылуын, іс жүргізудің қазақ тілінде жүргізілуін талап етіп, орыс патшасының атына пошта арқылы қазақтардың бейбіт саяси талаптарының жіберілуін ұйымдастырды.