Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — 15 тамыздан бастап жыл соңына дейін Астанада Алматы көшесінің Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толық жабылады.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, шектеу «Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу» жобасы аясында енгізіледі.
Бұл ретте Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылыстары ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаске уақытша ішінара жабылатынын хабарлаған едік.