Астанада бес жасар бала есейген табысты кәсіпкердің бейнесіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан бес жасар бала есейген табысты кәсіпкердің образына кірді.
None
None

Балалардың халықаралық күніне орай Kazakhstan Kids fashion show өзінің жаңа промо ролигін таныстырды, оған сән үлгісін көрсеткен жас өскін Әлішер Хаджаев қатысты. Оны түсіру Astana Marriott Hotel корольдік нөмірінде өткізілді.

Түсіру үдерісін ұйымдастырушылардың ойға алған сюжетінде жас модель есейген табысты кәсіпкердің образында көрінді, ол өмірден не алғысы келетінін жақсы біледі, әрі қарай қалай қадам басу керектігін түсінеді. Бұл арқылы олар қазіргі балалардың сәбилік ой-өрісі алысқа қанат қағып, балалардың күнделікті мұқтажынан гөрі әрі ойлайтынын көрсетеді.

Еске сала кетейік, 13 маусымда Астанада «Океанариум Думан» ойын-сауық кешенінде алғаш рет эксклюзивтік қазақстандық балалар сән байқауы fashion show форматында өтеді.

Жоба бірегей fashion-формат құру мақсатын көздейді, ол баланың жеке басының қалыптасуы мен тәрбиеленуіне, таланттарды дамытуға, Қазақстанның астанасын жаңа нақышта ұсынудың бұрын болып-көрмеген жаңа өрісінде, Орталық Азиядағы балалар сәнін дамыту орталығы ретінде көрсетуге жәрдемдеседі.

Kazakhstan Kids Fashion Show'2015 алғашқы балалар көрсетілімі болмақ, оған отандық модельерлер мен сән әлеміндегі жаңа есімдермен қатар, батыстық фототүсірушілер мен дизайнерлер де қатысады. Ол өзінің контенттік жағынан республикалық ауқым аясынан шыға отырып, халықаралық мәртебеге үміт артады.

Балалардың сән алаңы бұл күні тақырыптық театрлық қойылымдарға айналады, оған еліміздің 100-ден астам балалары қатыспақ. Модельерлермен жұмысқа әлемдік тәжірибесі бар хореографтар, қоюшы-режиссерлер, журналистер, фотосуретшілер, операторлар тартылған.

Соңғы жаңалықтар