Астанада бір донор үш науқасқа өмір сыйлады

Астана. KAZINFORM — Бүгін түнде Астанада бір донордың ағзалары үш науқасқа трансплантациялау үшін алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Астанада бір донор үш пациентке өмір сыйлады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Донорлық процесс барысында жүрек, өкпе және бауыр алынды. Аталған ағзалар трансплантация кезегінде тұрған пациенттерге арналған.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 132 әлеуетті донор анықталып, 205 трансплантация жасалған.

2025 жылы 18 донорлық процесс жүргізілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Сол жылы трансплантация саны үш есеге жуық өсіп, 68-ге жетті. Ал 2023 жылы 19, 2024 жылы 23 ағза трансплантацияланған.

2026 жылғы 11 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 13 мультиағзалық донорлық процесс жүргізілген. Министр бұл көрсеткіш 2025 жылғы өсімнің бір реттік нәтиже болмағанын көрсететінін атап өтті.

Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да қайтыс болған екі донор бірнеше науқастың өмірін сақтап қалғанын хабарлағанбыз.