Астанада «Дебюттер достастығы» жүлдесінің лауреаттары марапатталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 қазанда Астанадағы Ұлттық музейде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің Х форумы өтеді. Посткеңестік кеңістіктегі ең ірі мәдени-ғылыми шараға қатысу үшін елордамызға Достастықтың барлық мемлекеттерінен 200-ге жуық делегаттар келеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астанада «Дебюттер достастығы» жүлдесінің лауреаттары марапатталады

Форумның алқа отырысына Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ) төрағасы, Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Палад Бюльбюльоғлы, ГЫМҚ тете төрағасы, Ресей Федерациясы Президентінің Халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, танымал қоғам қайраткерлері, ғылым, мәдениет, білім өкілдері, ТМД министрліктері мен ведомстваларының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Мерейтойлық форум жұмысы «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар және мәдениеттер сұхбаты» тақырыбына арналған. Бұл тақырып заманауи үрдістер мен жұмыс формалары мен басты бағыттарын есепке ала отырып достастық жоспарларын талқылауды көздейді.

Форум алқа отырысы барысында «Дебюттер достастығы» жүлдесінің лауреаттарын марапаттау өтеді. Бұл халықаралық жүлде 2008 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорымен бекітілген болатын.