Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 1-2 тамыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 1-2 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында өтеді.
Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.
Айта кетейік, «Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкеге 6 мыңға жуық адам келді.