Астанада «Достық» ғылым-білім орталығы ашылады
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында «Достық» ғылым-білім орталығы ашылады.
Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде басталған студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов - 2009» V Халықаралық ғылыми конференциясы барысында Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, аталған орталықтың тұжырымдамасында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ғылыми-мәдени байланыстары, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы негізге алынған. «Осы орталықты ашу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің еуразияшылдық идеясын жария еткеніне 15 жыл толуына арналған «ЕуроАзия» журналының таныстырылымы болады», - деді Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры Александр Сидорович.