Астанада Елбасының қатысуымен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІ съезі өтуде

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІ съезі өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биыл - Университеттердің еуразиялық ассоциациясының құрылғанына 20 жыл. Бұл шара осы атаулы күнге байланысты ұйымдастырылып отыр. Съезд жұмысына ТМД және Еуразия кеңістігіндегі жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, еліміздің белгілі ғалымдары, сондай-ақ студенттік және кәсіподақтық ұйымдар қауымдастықтарының өкілдері қатысуда. Университеттердің еуразиялық ассоциациясы - жоғары білім беру саласындағы беделді халықаралық ұйым. Оның құрамына ТМД елдерінің барлық ұлттық университеттері еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің аймақтық жоғары оқу орындары кіреді.
Соңғы жаңалықтар