Астанада ең белсенді және талантты жасұландықтар марапатталды

  АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында «Жас Ұлан - 2012» Республикалық жүлдесін табыстау шарасы өтті. Жүлденің иегерлері ең белсенді әрі талантты жасұландықтар атанды.
None
None

«Менің ойымша, бұл ұйым келешек ұрпақты тәрбиелеп шығаруда үлкен жетістіктерге жетеді. Біз үшін «Жас Ұлан» ұйымы балаларға еңбекқорлықты, білімге ұмтылуды, қиыншылыққа мойымауды үйреткені аса маңызды», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешев.

Жас ұланның гаран-при жүлдесі қызылордалық Бекарыстан Аманжоловқа, «Жас тілші» номинациясы павлодарлық Айжан Темірбековаға, «Жас дарын» номинациясы батысқазақстандық Алексей Шинге және басқа да номинациялар табыс етілді.

Айта кету керек, бүгінде 6-16 жас аралығындағы  жасұландықтардың қатары  700 мыңға жетіп жығылады.

Соңғы жаңалықтар