Астанада Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше елдердің Әділет министрлері кеңесінің отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Рашид Түсіпбеков 2010 жыл Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық үшін мерейтойлық жыл екенін атап өтті. Қоғамдастықтың құрылғанынан бері 10 жыл өтті.
Отырыс барысында сот сарапшыларының халықаралық стандарттарға сай аккредитациядан өту мәселелері, сот сараптама мекемелерінің аймақаралық қауымдастығын құру, сондай-ақ азаматтарға тегін заңдық көмек көрсету, сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіби кадрлық құрамын қалыптастыру маңызды екенін ескере отырып, отырыс барысында Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы мен Тәжіктан Республикасы Үкіметтерінің атынан Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше елдердің білім беру орындарында қылмыстық-атқару жүйе органдары мен мекемелеріне арналып кадр даярлау туралы Келісімге қол қойылды.