Астанада фантаст-жазушылар мен футурулогтардың Бірінші халықаралық конгресі болады

деп хабарлады «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметінен.
Ал Конгресс қараша айының 30-ы мен желтоқсан айының 2-сі күндері аралығына Назарбаев Университетінде өткізіледі. Алқалы жиын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50-жылдығына орай жарияланған «Байқоңыр» Қоғамдық сыйлығының ақырғы іс-шарасы болып табылады.
Баспасөз конференциясына әйгілі фантаст-жазушы Сергей Лукьяненко, Ресей мен Украинаның Жазушылар одақтарының мүшесі Василий Головачев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Орынбай Жанайдаров, фантаст-жазушы Жүніс Сахиев, фантастика мен балама тарихты зерттеуші Сергей Переслегин, Санкт-Петербор қаласындағы «Terra Fantastica» баспасының директоры Николай Ютанов және тағы да басқалар қатысады.
Ұйымдастырушылар: «Астана-Байкоңыр» қоғамдық қоры, «Болашақ» Қауымдастығы, «KAZNET media» ЖШС.
Конгресс жайлы толығырақ ақпаратты congress.baykonyr.kz сайтынан алуға болады.