Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада фитосанитариялық талаптарды бұза отырып әкелінген сәндік өсімдіктер жойылды

АСТАНА.KAZINFORM - Заң бұзушылық ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық инспекциясының мемлекеттік фитосанитариялық инспекторлары жүргізген фитосанитариялық бақылау барысында анықталды.

в
Фото: АШМ

Тексеру кезінде сәндік өсімдіктердің Ресей Федерациясынан экспорттаушы елдің өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымы беруге тиіс міндетті фитосанитариялық сертификатсыз әкелінгені анықталды.

Осы дерек бойынша заңды тұлғаға қатысты өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

фитосанитария
Фото: АШМ

Фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүк иесіне анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Өз кезегінде өнім иесі ұсталған өнімді өртеу арқылы жою туралы шешім қабылдады.

Комитет Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді тек экспорттаушы ел берген фитосанитариялық сертификаты болған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етілетінін еске салды. Бұл талаптарды сақтау ауыл шаруашылығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін қауіпті карантиндік объектілердің ел аумағына енуі мен таралуына жол бермеуге бағытталған.

Айта кетейік, СҚО-да былтыр фитосанитариялық бақылау аясында 6 млн теңге айыппұл салынды.

Фитосанитариялық талапқа сай келмейтін 6 тонна қияр Ресейге қайтарылды.