Астанада ІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік  және келісім сарайында ІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы басталады,
None
None

деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, «Қазақ әуендері» АҚ.

Конкурс Қазақстандағы классикалық өнерді дәріптеу және отандық хореографияны әлемдік үздік орындаушылық дәстүрлерімен байыту, сондай-ақ шығармашылық байланыстарды кеңейту мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа Қытай Халық Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Украинадан келген жас балет әртістері қатысады (40 адам).

ІІ Халықаралық балет әртістері конкурсының салтанатты жабылуы және конкурс лауреаттарының гала-концерті желтоқсанның 5-інде өтеді.

Соңғы жаңалықтар