Астанада қала маңына қатынайтын 6 автобус уақытша жүрмейді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада қалың қар мен желге байланысты алты қала маңындағы автобус бағытының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Автобус Астана
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Елордадағы көлік компаниясы City Transportation Systems-нің  мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты №305, 312, 315, 316, 327 және 329 автобустарының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Қоғамдық көліктің қозғалысы түнгі уақыттан бастап кезең-кезеңімен тоқтатылған. 

Айта кетелік Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды