Астанада қамыс арасына кірген ер адамға құтқарушылардың көмегі қажет болды
АСТАНА.KAZINFORM - Елордалық құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сарыарқа ауданындағы «Жасыл тоғай» аумағында, сарқырама маңында 1982 жылы туған ер адам қамыс арасына кіріп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.
-Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел шықты. Өзеннен өтіп, құтқарушылар ер адамға жетіп, оны қамыс арасынан алып шығып, бірге өзеннің арғы бетіне жеткізді,-делінген хабарламада.
Құтқарылған ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Осы ретте ТЖМ табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, жүруге қиын жерлерден аулақ болды және төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу «112» нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.
Айта кетейік, осыған дейін ТЖМ шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырған болатын.