19:13, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді
ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«22-23 қарашада елордадағы «Ramada Plaza Astana»-да Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың төрағалығымен Каспий жағалауы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясын әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 30-шы отырысы өткізіледі. Отырысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ашады»,-деді ресми өкіл брифинг барысында.