Елордада «Қайрат» U19 командасы «Олимпиакос» жастарын жеңді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубының U-19 құрамасы UEFA Жасөспірімдер лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Астанада «Қайраттың» U19 ойыншылары «Олимпиакос» жастарын жеңді
Фото: «Қайрат» ФК

«Астана арена» стадионында Грекияның «Олимпиакос» U-19 командасына қарсы өткен матчта алматылық ұжым 2:0 есебімен басым түсті. Ойынның 4-минутында Рамазан Бағдат гол салса, 57-минутта Мұхамедали Әбіш есепті еселеді.

Матч жабық режимде өтті. Бұл — «Қайрат» академиясының жас ойыншыларының еуропалық турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін «Копенгаген» клубының U-19 командасымен тең ойнап, бір ұпай еншілеген еді. Ал «Реал Мадрид», «Интер», «Спортинг», «Пафос» командаларына қарсы ойындарда есе жіберді.

Енді УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Қайрат» пен «Олимпиакос» клубтарының негізгі командалары «Астана арена» стадионында бүгін сағат 20:30–да кездесу өткізеді.

Еске салайық, елордада ойынға байланысты стадионға арнайы шаттл автобустар қатынайды.

Соңғы жаңалықтар