Астанада «KazAgro/KazFarm-2015» көрмесінде отандық шағын ұшақ ұсынылды (ФОТО)

Оған Қазақстанның және әлемдік көшбасшы аграршылар мен ірі өндіруші компаниялар қатысуда. Шамамен 22 елден келген 1000-нан астам делегаттар тәжірибе бөлісу және ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде. Көрмеге мал шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының техникалары және жабдықтары, малды және құсты бағып-күтудің жүйелері, сондай-ақ тұқымдық жұмыстағы инновациялары, ветеринария және азықтандыру инновациялары ұсынылып отыр. «KazAgro/KazFarm» қазақстандық халықаралық көрмелері қысқа мерзім ішінде республиканың кәсіби фермерлері үшін инновациялық және ақпараттық бизнес-алаңына айналып, АӨК өндірушілері мен тұтынушылары арасындағы қарқынды үнқатысуға ықпал етті, сондай-ақ жасалған тұрақты іскерлік байланыстарды нығайтуға және жаңаларын жасауға көмектеседі. Көрменің басты мақсаты - заманауи технологияларды өндіріске енгізу жолымен қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарға отандық тауарларды, қызметтерді шығару. Ұйымдастырушылар көрмелердің қатысушылары және келушілері үшін қазақстандық және шетелдік жетекші тауар өндірушілердің соңғы зерттемелерімен таныстырудың бірегей мүмкіндігін ұсынды, атап айтқанда, тұтас темірден жасалған қысқа қашықтықта ұшып-қонатын 4 орындық «АРАЙ» отандық ұшағы таныстырылды. Жаңадан шығарылған жабдықтар арасында: «KAZ KIOTI» сауда белгісімен отандық өндірістегі жаңа қазақстандық бренд, «ZD-flex L» және «ZD-flex S plus» сауда белгісімен отандық малға ен салу құрылғылары, АСЭШ-8-1, АСЭШ-8-2 ауа-жылу өлшеу қондырғылары, «Вьюга» зертxаналық диірмені, ылғалдылық анализаторлары, астық кептіргіштер ұсынылды. Көрмелердің іскерлік бағдарламасы бойынша отандық және шетелдік компаниялар арасында әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылады деп жоспарланған.