Астанада қазақ тілінен ересектерге арналған тегін курс өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ересектерге арналған қазақ тілі курсын өткізеді.
Мекеменің хабарлауынша, ересектерге арналған курс тегін ұйымдастырылады. Өтініштер 1-31 шілде аралығында қабылданады.
Курс 3 тамыз күні басталады. Оқыту офлайн және онлайн форматта өтеді.
— Ұзақтығы — 4 ай. Сабақ аптасына 3 рет ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.
Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу үшін Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинетке жүгіну қажет.
Байланыс телефондары:
- Жұмыс: +7 (717-22) 4-90-52;
- Ұялы: +7 (707) 497-71-43.
Еске салайық, бұған дейін Euronews халықаралық ақпараттық телеарнасы қазақша жаңалықтар көрсететінін хабарлағанбыз. Бұл жөнінде ҚР Мəдениет жəне ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.