Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің отырысы өтті
Таратылған ақпаратқа сәйкес, бірреттік акция аясында Ассамблея жылының ашылуы 6 ақпанда Бейбітшілік және Келісім сарайында сағат 11.00 өтеді.
Ермек Аманшаев қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен құттықтап, елордалық этномәдени орталықтардың осы атаулы жылды жоғары деңгейде атап өтуіне белсенді түрде қатысатынына сенім білдірді.
Кездесу барысында «Алеф» еврей мәдени-ағарту қоғамдық-саяси қоғамының төрағасы Гольдберг Моисей Михайлович, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Талдау, болжау және әлеуметтік бастамалар орталығының басшысы, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы, Республикалық дүнген этномәдени қоғамының төрағасы, Астана қаласы маслихатының депутаты Хахазов Шакир Хусаинович Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдениет аралық сұхбатты дамытуға және қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуге қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.
Қала басшысыының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі елімізде күннен күнге артып отырғанын атап өтті. Бұл бірегей институт, саяси маңыздылығымен қатар, қоғамда әлеуметтік мәнге де ие. Мұнымен қоса, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі Елбасының тұрақты назарында екенін атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-сессиясында Н. Назарбаев ҚХА жұмыс органы - хатшылықтарды нығайту мақсатында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - жаңа құрылымын құру туралы нұсқау бергенін жеткізді.
Е. Аманшаев әкімдік жанынан құрылған «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жарас Байбосыновты таныстырды, деп жазады astana.gov.kz.