Астанада Қазақстан құрамасының Лондондағы Олимпиадада зор жеңісіне арналған отшашу болды
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Астанадағы «Бәйтерек» монументінің қасында еліміз құрамасының Лондондағы Олимпиададан табысты оралуына байланысты отшашу ұйымдастырылды - үш мыңнан астам дүркін салют атылды.
Отшашуды қаланың кез келген нүктесінен бақылауға болды. Алайда «Бәйтерек» монументінің қасында тұрғандарға ол ерекше әсерлі көрінді.
«Қазақстан халқына белсенді қолдағандары үшін рахмет. Сіздерді өте жақсы көреміз, назарларыңыз өзімізге күш берді. Сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырыстық», - деді екі дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Астанада Лондондағы Олимпиада қатысушыларын құрметтеуге арналған концерт кезінде қазақстандықтарға арнаған сөзінде.
«Олимпиададан оралған басқа спортшыларымызға сәттілік тілейік. Келесі жолы олардың жүлдесіз келмейтініне үміттенеміз. Біз сіздерге жеңеміз деп сөз бердік және сөзімізде тұрдық», - деп қосты Лондондағы Олимпиаданың бокстан чемпионы Серік Сәпиев.
Естеріңізге сала кетейік, Лондонда Қазақстан әлемдік есепте 12-ші орынға тұрақтады. Спортшыларымыз 13 медальды қанжығаларына байлады, соның ішінде 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. Қазақстан жасалған рекордтар бойынша елдердің рейтингісінде алғаш рет 4-ші орыннан көрінді - Олимпиадада спортшыларымыз Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза 4 әлемдік және 7 олимпиадалық рекорд орнатты. Жалпы алғанда Лондонда 95 рекордқа қол жеткізілді, оның 39-ы әлемдік және 56-сы олимпиадалық рекордтар.