Астанада Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының кезекті 3-ші мәжілісі өтеді

ТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 6 қазанда Астанада Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторларының бірлескен комиссиясының кезекті 3-ші мәжілісі өтеді. Бұны бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов айтты.

Астанада Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының кезекті 3-ші мәжілісі өтеді

Оның сөзіне қарағанда, келіссөздер барысында қазақстандық тарапты Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев, Жапония тарапын Экономика, сауда және индустрия министрі Хидэичи Окада басқарады. Сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық- жапониялық және жапониялық-қазақстандық бірлескен мәжіліс өтеді. Жапониялық-қазақстандық комитетті «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының Инвестиция жөніндегі департаментінің директоры Сабыр Есімбеков, ал қазақстандық-жапониялық комитетті «Мицубиси Корпорэйшн» компаниясының аға корпоративті кеңесшісі Мотонобу Тэрамура басқарады.

«Мәжіліс барысында инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты одан әрі белсендендірудің жолдары қаралады. Сондай-ақ сауда-экономикалық бірлескен қимылдардың перспективті бағыттары талқыланып, Қазақстан үшін өзекті инновациялық жобалардың таныстырылымы өтеді. Бүгінде Жапония Қазақстанның маңызды инвесторларының бірі. Тәуелсіздік жылдарында Жапонияның жалпы инвестициясының Қазақстан экономикасындағы көлемі 2,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал 2010 жылғы көрсеткіштер бойынша екіжақты тауар айналымы 1,093 миллиард АҚШ долларын құрады»,-деді ресми өкіл.