07:00, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын өткізеді
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысын өткізеді.

Шарада ықпалдастық үдерістерді одан әрі дамытуды талқылау мақсаты көзделіп отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Астанаға Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев пен Украина Президенті Виктор Янукович те келеді. Бес мемлекет басшыларының кездесуінде ықпалдастық бірлестіктерді кеңейту мүмкіндігі мәселелері қаралады. Белгілі болғандай, бұдан бұрын Қырғызстан Кеден одағына қосылуға ресми өтінім берген болатын, ал Украина Кеден одағына байқаушы мәртебесін алуға өтінім берген еді.