Астанада «Қазақстан - жаңа Жібек жолы» халықаралық форумына 25 елдің делегаттары қатысады

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - 6-7 қараша күндері II Халықаралық көліктік-логистикалық «Қазақстан - жаңа Жібек жолы» бизнес форумы өтеді. Бұл туралы Қазақстанның «Kazlogistics» көлік одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Астанада «Қазақстан - жаңа Жібек жолы» халықаралық форумына 25 елдің делегаттары қатысады

Форум жұмысына 25 елден 600 адам қатысады. Атап айтқанда, Латвия, Литва министрліктерінің өкілдері, «Ресей темір жолы» ААҚ Президенті Владимир Якунин, DP World Директорлар кеңесінің төрағасы Ахмед бин Сулайм, AirAstana Президенті Питер Фостер, General Electric Transportation Президенті Рассел Стоукс, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Асқар Мамин, сондай-ақ, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Беларусь, Иран, Қытай елдерінің темір жол әкімшіліктерінің басшылары.

Форум Қазақстан мен ТМД аумағында логистика және жеткізілімдер тізбегін басқару саласындағы алғашқы және жаһандық іс-шара болып табылады, сонымен қатар, халықаралық ойыншылармен өзара әрекеттесудің ашық алаңына айналады.

Форумның мақсаты - логистикалық тәжірибенің соңғы жетістіктерімен таныстыру және логистика саласындағы қазіргі заманғы шешімдерді талқылау үшін көліктік саладағы кәсіпқойларды жинау болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға қатысу перспективаларды және Шығыс-Батыс пен Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транзиті жолындағы логистикадағы үздік халықаралық тәжірибені таныстыру үшін мінсіз алаң болып табылады.